«Заң және тәртіп» бастамасы аясында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің БҚО бойынша Департаментінің өтініштерді талдау және бақылау бөлімінің прокуроры Мөлдір Тимурқызы Жумагазиева азаматтардың өтініштерімен жұмыс істеу мәселелері бойынша оқыту семинарын өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын жетілдіру және келіп түскен өтініштерді өңдеу мен талдаудың заманауи тәсілдерін меңгеру болды.
Оқыту барысында қатысушылар өтініштерді қабылдау мен тіркеуден бастап, аналитикалық есептер дайындау және статистикалық деректер жүргізуге дейінгі негізгі жұмыс кезеңдерімен танысты. Сонымен қатар, бұл процесті оңтайландыруға мүмкіндік беретін өзекті құралдар мен технологиялар ұсынылып, осы саладағы құқықтық нормалар егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Тренингтің практикалық бөлігіне ерекше назар аударылды. Қызметкерлер нақты жағдайлар негізінде алған білімдерін тәжірибеде қолданды. Бұл, өз кезегінде, жұмыстың мәнін терең түсінуге, өтініштермен жұмыс істеудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға және халықтың сенім деңгейін арттыруға септігін тигізді.