Бағаларды реттеу мәсеселерін қарастыру

Бағаларды реттеу мәсеселерін қарастыру

2025 жылғы 1 шілдеде облыс әкімдігінде Батыс Қазақстан облысындағы делдалдық схемаларды және азық-түлік тауарларына баға белгілеуді тексеру жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырысқа Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Е.Жұмабаев  қатысты.

Күн тәртібінде комиссияның бірінші жартыжылдықтағы жұмысының қорытындылары, ішкі нарықтағы тауар интервенциялары, өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қабылданған әкімшілік шаралар қаралды.

Отырыс қатысушылары азық-түліктпен қамтамасыз ету тізбегіндегі ашықтықты арттыру жолдарын және негізсіз үстеме бағаларды жою бойынша алдағы қадамдарды талқылады. Сондай-ақ бақылау механизмдерін жетілдіру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша ұсыныстар айтылды.