Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Е.Жұмабаев бюджет қаражатын тиімді пайдалану және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өткен отырысқа қатысты. Іс-шара облыс әкімінің орынбасары Қ.Мендіғалиевтің төрағалығымен өтті.
Жиын барысында бюджет қаражатын мақсатсыз пайдалану, жымқыру фактілері және олардың көлеңкелі айналымға шығарылу қаупі талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау, рәсімдердің ашықтығын арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту шараларына ерекше назар аударылды.
Е.Жұмабаев өз қызметі барысында анықталған өзекті мәселелер мен тенденцияларды ортаға салып, бұзушылықтардың алдын алу бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.