«Қауіпсіздік күні» акциясы аясында қаржылық қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шаралары (жазғы лагерьлеріндегі сабактар)

«Қауіпсіздік күні» акциясы аясында қаржылық қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шаралары (жазғы лагерьлеріндегі сабактар)

Батыс Қазақстан облысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Қауіпсіздік күні» акциясы аясында қаржылық қауіпсіздік бойынша оқыту іс-шараларын өткізді. Сабақтар мектеп жанындағы “Самал”, “Дарын”, “Атамекен” және “Рахат” жазғы лагерьлерінде өткізілді.

Іс-шаралардың басты мақсаты – балалардың қаржылық сауаттылық пен қаржылық алаяқтықтан қорғану туралы тұрақты білімдерін қалыптастыру. Балалар іс-шара барысында ақшаны дұрыс пайдалануды, алаяқтардың құрбанына айналмаудың жолдарын және қаржы құралдарын қолданғанда мұқият болу қажеттілігін үйренді.

Барлық лагерьлерде қаржылық қауіпсіздік тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылды. Балалар өз шығармаларында қауіпсіз қаржылық әлемді бейнелеуге ерекше ынталарымен қатысып, әрбір қатысушы дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шаралар толық көлемде өткізіліп, балалар мен педагогтардың тарапынан оң бағасын алды. Мұндай бастамалар өсіп келе жатқан ұрпақтың қаржылық қауіпсіздікке және құқықтық сауаттылыққа жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға ықпал етеді.