Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Ж.С.Кенжебаев халықпен өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған бастама аясында өткен «Ашық қабылдау-Zanmen» акциясына қатысты.
Іс-шара барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелер бойынша жеке кеңес алып, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Құқықбұзушылықтардың алдын алу және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
«Ашық қабылдау-Zanmen» акциясы БҚО бойынша ЭТТД жұмысының ашықтығын қамтамасыз етіп, халықпен тікелей диалог орнатудың тиімді құралына айналуда.