«Заң және тәртіп» алдын алу бағдарламасы аясында БҚО бойынша ЭТТД-нің талдау әзірмелері бөлімінің басшысы Н.Ж.Жақсығалиев БҚО Қаржы басқармасы мен Ауыл шаруашылығы басқармасының алаңында бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстан Республикасындағы лудоманияға арналған дәрісті оқыды. Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық сауаттылықты арттыру, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасында құмар ойындарға теріс көзқарасты қалыптастыру.
Өткен шараға Батыс Қазақстан облысы әкімдігі аппаратының этика жөніндегі уәкілі Хайруллина Айман Рафиққызы, Білім басқармасы, Полиция департаменті, сондай-ақ Қаржы басқармасының өкілдері қатысты.
Дәріс барысында лудоманияның таралу себептері, оның әлеуметтік және экономикалық салдары, сондай-ақ бұл ахуалмен күресуге бағытталған заңнамалық шаралар талқыланды. Ерекше назар жастар арасындағы алдын алу шараларына және ведомствоаралық іс-қимылға аударылды.
Іс-шара барысында құмар ойындардың зиянды әсерінен азаматтарды қорғауда мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді.