Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары халыққа тегін құқықтық көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Халық заңгері» республикалық акциясына қатысты.
Іс-шара аясында еліміздің үздік заңгерлері, адвокаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері азаматтарға әртүрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес берді. Әрбір азамат өзіне қажетті заң көмегін білікті мамандардан алу мүмкіндігіне ие болды — бұл тұрмыстық даулардан бастап, тұтынушылар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға дейінгі сұрақтарды қамтыды.
ЭТҚ қызметкерлерінің мұндай іс-шараға қатысуы халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын айқындай отырып, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.