БҚО бойынша ЭТТД-де Департамент қызметкерлерінің балалары арасында «Қауіпсіз балалық шақ — Заң мен тәртіп» тақырыбында сурет байқауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың құқықтық тәртіп, қауіпсіздік және заңға құрмет ұғымдарын қалыптастыру.
Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға естелік сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Бұл байқау жарқын оқиғаға айналып қана қоймай, сондай-ақ балалар бойында қауіпсіздік пен заңға бағыну құндылықтарын ерте жастан сіңіруге ықпал етті.