2025 жылдың 15 мамырында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатысты. Іс-шараға әртүрлі факультеттер мен мамандықтардың студенттері, сондай-ақ мемлекеттік және жеке ұйымдардың өкілдері қатысты.
Өткізілген іс-шара түлектерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсету және білім беру мекемелері мен мемлекеттік және жеке ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Болашақ түлектер Экономикалық тергеп-тексеру қызметіне жұмысқа орналасуға зор қызығушылық танытып, көптеген сұрақтар қойды. Департамент өкілдері қойылған сұрақтарға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері студенттерге экономикалық тергеп-тексеру қызметінің ерекшеліктері, қызметке қабылдану шарттары, қажетті біліктілік пен мансаптық мүмкіндіктер туралы ақпарат берді.
Іріктеу кезеңінен өту тәртібіне, үміткерлерге қойылатын талаптарға және құжат тапсыру рәсімдеріне ерекше көңіл аударылды.