Меню
Страницы

Кәсібилікке қадам

Кәсібилікке қадам

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің жас қызметкерлері Ақтау қаласында өткен өңірлік жас қызметкерлер слетіне қатысты. Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары бойынша ЭТТД өкілдері қатысты.

Слеттің негізгі мақсаты – тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыларды жетілдіру және Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің жас қызметкерлері арасындағы командалық өзара іс-қимылды нығайту.

Бағдарлама аясында оқыту және тимбилдинг іс-шаралары ұйымдастырылып, салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Департаменттің жас қызметкерлері Л.Уразгалиева, А.Төлегенова, С.Бисенгалиев, Б.Мадениет және Д.Мухамедьяров жоғары дайындық деңгейі, бастамашылдығы және қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының орынбасары  Жеңіс Фарахатұлы Елемесовтың қолынан марапаттау алды.

ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі мен Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне, тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасағаны және жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз.

Барша жас қызметкерлерге кәсіби қызметтерінде толағай табыс, биік белестерді бағындыруға деген жігер, мықты командалық рух және еліміздің игілігі жолындағы қызметтеріне сәттілік тілейміз!

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері