«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын, «Адал адам» бастамасын іске асыру және Қазақстан Республикасы Конституциясының құндылықтарын дәріптеу аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты және Әділет департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілер арасында спорттық-құқықтық форум ұйымдастырды.
Іс-шара бағдарламасына спорттық жарыстар мен жаппай өндірістік гимнастика өткізілді. Қатысушылар салауатты өмір салтын ұстануға, бірлікке, тәртіпке және командалық рухқа бейілділіктерін көрсетті. Форум мемлекеттік органдар арасындағы корпоративтік мәдениетті нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және өзара ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті.