Меню
Страницы

Еңбек ұжымдарымен кездесу

Еңбек ұжымдарымен кездесу

Еңбек ұжымдарымен кездесу

 

Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институтының ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Шараның басты тақырыбы — қаржылық пирамидалар мен интернет-алаяқтыққа, соның ішінде фишингке қарсы іс-қимыл болды.

Кездесу барысында ЭТД өкілдері институттың ғалымдары мен қызметкерлеріне қаскүнемдердің ақша ұрлау үшін қолданатын заманауи әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Қысқа мерзімде аса жоғары табыс уәде ететін қаржылық пирамидалардың белгілерін тануға, сондай-ақ жеке деректер мен банктік қосымшалардың құпия сөздерін қолды қылу үшін жасалатын жалған сайттар мен сілтемелерге (фишингке) ерекше назар аударылды.

Спикерлер құқық қолдану тәжірибесінен нақты мысалдар келтіріп, цифрлық гигиена және жинақтарды қорғау бойынша практикалық ұсыныстар берді. Сонымен қатар, кез келген инвестициялық платформаны ресми реттеушілердің тізілімі арқылы тексерудің маңыздылығын еске салды.
«Гидроприбор» ҒЗИ ұжымы өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері