ORAL: Сақтансан, сақтармын
Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері егде жастағы азаматтарды қорғауға бағытталған маңызды профилактикалық акцияны өткізді. Осы мақсатта қызметкерлер «Күміс жастағы» жандарға арналып, ашық аспан астында ұйымдастырылған арнайы би кешіне барды.
Іс-шараның негізгі мақсаты — аға буын өкілдерінің құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыру болды.
Басқосу барысында Департамент өкілдері демалушылармен емен-жарқын тілдесіп, оларға маңызды ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратты. Бұл буклеттерде алаяқтардың арбауына түспеу, жинақталған қаражатты сақтау және күмәнді қоңыраулар мен ұсыныстарға қалай жауап беру керектігі туралы пайдалы кеңестер жазылған. Мұндай түсіндіру жұмыстары қарттардың күнделікті өмірде өздерін қауіпсіз сезінуіне септігін тигізеді.