Меню
Страницы

Валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел

ORAL: Валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша дөңгелек үстел

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде «Қазақстан Республикасынан валюталық құндылықтарды заңсыз әкетуге, жөнелтуге және аударуға жол бермеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға мемлекеттік кірістер органдарының, екінші деңгейдегі банктердің, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының валюта заңнамасы талаптарының сақталуы, қолма-қол шетел валютасын заңсыз әкетуді, шетелге ақшалай қаражатты заңсыз аударуды анықтау және жолын кесудің өзекті мәселелерін, сондай-ақ осындай құқық бұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу кезіндегі ведомствоаралық өзара іс-қимыл тетіктерін талқылады.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және валюталық құндылықтардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасының қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жетілдіруге бағытталған қадамдарды әзірлеуге дайын екендіктерін растады.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің сайты