Меню
Страницы

Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

Көлеңкелі экономика бойынша комиссия

Көлеңкелі экономика бойынша комисси

2026 жылғы 30 маусымда Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Мұлқайдың төрағалығымен қаржылық саладағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған отырыс өтті.

Шараға шақырылған мемлекеттік сатып алу басқармасы мен облыс әкімдігі басқармаларының басшылары қатысты. Жиынның басты тақырыбы бір көзден сатып алу тәсілімен келісім шарттарды жасасу, яғни мемлекеттік сатып алу саласындағы тәуекелдер болды, олар бүгінгі таңда бюджет қаражатын тиімді пайдалануға төнетін ең елеулі қатерлердің бірі ретінде танылып отыр. Кездесу барысында атап өтілгендей, бұл саладағы құқық бұзушылықтардың негізгі көріністері — сатып алушылардың сөз байласуы, жалған бәсекелестікті ұйымдастыру, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің құнын негізсіз көтеру, сондай-ақ жалған құжаттарды пайдалану болып табылады.

Жағдайды түзету және бюджетті қорғау үшін отырысқа қатысушылар бақылауды күшейту, сатып алу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету және жауапкершіліктің бұлтарылмастығы қағидатын іске асыру қажеттілігін белгіледі.

Жиын барысында Департаменттің осындай бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған аналитикалық жұмыстарының нәтижелері туралы баяндамасы тыңдалды.

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Құпиялылық саясаты
Терминдер мен қысқартулар
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Өмірлік жағдайлар
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері