ORAL: Профилактикалық акцияның бастауы
Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жазғы лагерьлерде демалып жатқан балалардың қаржылық сауаттылығы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған арнайы акцияны бастады.
Іс-шараның басты мақсаты — өскелең ұрпаққа қазіргі заманғы экономиканың қалай жұмыс істейтінін және цифрлық әлемде қандай тәуекелдер туындауы мүмкін екенін қарапайым әрі түсінікті тілмен жеткізу.
Акция аясында ЭТТД қызметкерлері өңірдегі балаларға арналған лагерьлерді аралауда. Олар жалықтыратын лекциялардың орнына интерактивті ойындар, квестер мен викториналар өткізуде. Балаларға киберқауіпсіздіктің негізгі ережелері, интернеттегі жеке деректерді қорғау жолдары, сондай-ақ бүгінде жасөспірімдердің ойын аккаунттары мен карталарына көз тіккен қаржы пирамидалары мен мобильді алаяқтардың айла-амалдары туралы айтылады.