
ORAL:Ұзаққа созылған құрылыс мәселелерін бірлесіп шешу
Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының төрағалығымен өңірдегі құрылыс нысандарын салу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Мүлқай М.Р., Орал қаласы әкімінің міндетін атқарушы Халелов А.Ә., БҚО Құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жұмағалиев П.Б., БҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Залмұқанов М.Д., БҚО Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Умралиев Қ.А., сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – құрылысы әлі күнге дейін аяқталмаған 30 нысанды талқылау болды.
Отырыс барысында қатысушылар әрбір нысанның қазіргі жағдайына жан-жақты талдау жүргізді.