ORAL: Кәсіпкерлермен кездесу
Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментімен «Заң мен тәртіп» нарративі аясында 2026 жылдың 29-сәуірде «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында облыстың кәсіпкерлерімен кездесу өткізілді.
Іс-шара тақырыбы: кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтарудың алдын алу, яғни өз қызметін көлеңкелі бизнеске шығару арқылы заңсыз әрекеттерге жол бермеу.
Спикер ретінде Батыс Қазақстан облысы басқармасының аға прокуроры Мырзаұлы М., БҚО бойынша ЭТТД ҰББ-ның басшысы А.Болграбская және БҚО МКД басшысының орынбасары Ж.Кунчаев сөз сөйлеп, одан бөлек өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлерге заңнамасындағы соңғы өзгерістер түсіндіріліп, құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, көлеңкелі экономиканың тәуекелдері мен салдары талқыланып, заң аясында жұмыс жүргізудің маңыздылығы атап өтілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары, сондай-ақ бизнесті қорғау тетіктері түсіндірілді.
Кездесу қорытындысы бойынша алдағы уақытта да осындай түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізу қажеттілігі айтылып, өзара ынтымақтастықты нығайту жөнінде келісімге келінді.