Меню
Страницы

Түлектерді жұмысқа орналастыру форумы

Түлектерді жұмысқа орналастыру форумы

ORAL: Түлектерді жұмысқа орналастыру форумы

Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТТД ҰББ-ның басшысы Болграбская А.М. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті алаңында өткен «Жасанды интеллект дәуіріндегі түлектерді жұмысқа орналастыру: инновациялық шешімдер және кәсіби трансформация» атты форумға қатысты.

Іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларын белсенді енгізуге байланысты еңбек нарығындағы өзекті сын-қатерлер, сондай-ақ қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие мамандарды даярлаудың жаңа тәсілдері талқыланды. Форум қатысушылары білім беру бағдарламаларын бейімдеу, цифрлық құзыреттерді дамыту және жоғары оқу орындарының жұмыс берушілермен өзара іс-қимылы мәселелерін қарастырды.

Болграбская А. түлектерде икемді дағдыларды қалыптастырудың, үздіксіз білім алуға қабілеттіліктің және кәсіби трансформацияға дайындықтың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ практикалық бағыттағы дайындықты күшейту және жастарды тиімді жұмысқа орналастыру үшін жағдай жасау қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Форум мемлекеттік органдар, білім беру ұйымдары және бизнес өкілдері арасында тәжірибе алмасу алаңына айналып, цифрлық экономика жағдайында түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

 

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты