ORAL: Студенттермен кездесу
БҚО бойынша ЭТТД ҰББ-ның жедел уәкілі Жоғары аграрлық-техникалық колледжде өткен іс-шараға спикер ретінде қатысты.
Кездесу барысында ол студенттер алдында сөз сөйлеп, дропперлік тақырыбына — қаржылық құқықбұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі — кеңінен тоқталды. Спикер дропперлер дегеніміз — материалды сыйақы үшін өздерінің банктік шоттарын немесе төлем құралдарын үшінші тұлғаларға беретін адамдар екенін түсіндірді.
Сондай-ақ мұндай схемаларға қатысудың салдарына ерекше назар аударылды. Қызметкер тіпті жанама қатысудың өзі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін, сондай-ақ жастардың болашағына кері әсерін тигізетінін атап өтті.