Меню
Страницы

Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада 2026

Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада 2026

Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Қаржылық қауіпсіздік бойынша Ұлттық олимпиада 2026-ға тіркеудің басталғаны туралы хабарлайды. Қатысушыларды тіркеу 2026 жылғы 1–31 наурыз аралығында Қаржылық мониторинг академиясы AML Academy ресми парақшасында жүргізіледі.

Олимпиадаға жоғары оқу орындарының 2–3 курс студенттері және «Құқықтану», «Экономика», «Халықаралық қатынастар», «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандықтары бойынша 1 курс магистранттары шақырылады. Олимпиада қазақ және орыс тілдерінде онлайн және офлайн форматта өткізіледі, қатысу тегін.

Ұлттық олимпиада жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға, қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімін дамытуға, сондай-ақ қаржылық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Іріктеудің бірнеше кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, олар Қазақстан Республикасын халықаралық деңгейде таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Қатысу үшін міндетті түрде келесі сайтта тіркелу қажет: https://www.amlacademy.kz

Барлық қызығушылық танытқан студенттерді белсенді қатысуға және қаржылық қауіпсіздік саласындағы білімдерін арттыруға шақырамыз.

 

Социальные медиа
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты