
Экономиканың қарқынды дамуы және жасанды интеллекттің енгізілуі жағдайында болашақ кәсіби мамандарды қалыптастыруда дұрыс рекрутинг жұмысының маңызы ерекше.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті базасында өткен кездесуде Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Ақпараттық жүйелер» және «Құқықтану» мамандықтарының талантты студенттерімен жүздесті.
Департамент қызметкерлері студенттерге қазіргі заманда экономикалық қауіпсіздікті түсінудің маңыздылығын жеткізді. Сондай-ақ экономикалық тергеп-тексеру саласында сұранысқа ие болатын дағдылар мен құзыреттерге тоқталып, студенттерге тағылымдамадан өтуге, бірлескен жобаларға қатысуға және қаржылық мониторинг органдарында жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды.
Осындай бастамалардың арқасында студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі өз рөлінің маңызын да түсінеді. Экономикалық тергеп-тексеру департаменті студенттер үшін сенімді серіктеске айналып, олардың кәсіби даму жолында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.