В
Орал қаласындағы №25 жалпы білім беретін мектепте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қаржылық жауапкершілікті қалыптастыру» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері шақырылған қонақ ретінде қатысты.
Іс-шараға мұғалімдер, ата-аналар және жоғары сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында қаржылық сауаттылық, жеке және отбасылық бюджетті ұтымды жоспарлау, сондай-ақ әрбір отбасы мүшесінің қабылдайтын қаржылық шешімдерге жауапкершілігі мәселелері қозғалды. Сонымен қатар қаржылық пирамидалар, дипфейктер, фишинг және дропперлік сияқты заманауи қаржылық қауіп-қатерлерге және оларды анықтау мен алдын алу жолдарына ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға алаяқтық схемалардың құрбаны болмау және заңсыз әрекеттерге тартылмау жолдары түсіндіріліп, қаржыға саналы әрі жауапты көзқарастың маңыздылығы атап өтілді. Өткізілген кездесу оқушылар мен олардың ата-аналарының қаржылық мәдениеті мен құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.