
2025 жылғы 8 қазан күні Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде, еліміздің үздік 35 жоғары оқу орнының қатарына кіретін білім ордасында, Қаржы мониторингі агенттігінің (АФМ) кабинеті салтанатты түрде ашылды.
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты.
Ертеңнен бастап БҚО экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері мен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы 4-курс студенттерімен бірге экономикалық қылмыстарды тергеу пәндері бойынша сабақтар өткізеді.
АФМ кабинетінің ашылуы және оның жұмысын бастауы ведомство мен университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің кәсіби даярлық сапасын арттыруға, сондай-ақ қаржы мониторингі мен экономикалық қауіпсіздік саласындағы білікті мамандардың кадрлық әлеуетін қалыптастыруға ықпал етеді.