
«Белсенді ұстаным» телебағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Анастасия Болграбскаямен сұхбат өтті.
Сұхбат барысында Анастасия Болграбская департаменттің қызметі туралы айтып өтті. Бұл құрылым — Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі агенттігінің аумақтық бөлімшесі болып табылады. Негізгі міндеті — мемлекет пен қоғамның экономикалық мүдделерін қорғау, сондай-ақ қаржы-экономикалық саладағы құқықбұзушылықтардың алдын алу және тергеп-тексеру.
Департамент қызметкерлері алдын алу және ағартушылық жұмыстарға ерекше назар аударады. Кәсіпкерлермен, студенттермен және зейнеткерлермен кездесулер өткізіліп, қаржылық сауаттылықты арттыру және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру шаралары жүргізіледі.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында Қаржы мониторингі агенттігі «Заң және тәртіп» және «Адал азамат» тұжырымдамалары аясында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық диктант өткізеді. Іс-шараның мақсаты — азаматтардың қаржылық мәдениетін дамыту және жеке экономикалық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарау дағдысын қалыптастыру.