
«Заң және тәртіп» ұлттық бастамасының іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, БҚО бойынша ЭТТД-нің қызметкерлері Орал қаласының мәдениет және демалыс саябағында спорттық акцияны өткізді.
Іс-шара дене саулығын нығайту мен командалық рухты арттыруға бағытталған бастаманың жарқын үлгісі болды. Күн тәртібіне таңғы жаттығу, үйлесімділік пен төзімділікке арналған жаттығулар, сондай-ақ функционалдық тренинг элементтері енгізілді.
Спорттық акцияның мақсаты – белсенді өмір салтына бейімді тұрақты дағдыларды қалыптастыру және кәсіби күйзелісті алдын алу. Мұндай бастамалар денсаулық, тәртіп және жеке үлгі басты басымдық саналатын ішкі корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігіне айналып отыр.