Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы хабарландыру

Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп- тексеру департаменті  «Қаржылық мониторинг  органдарының  жедел -тергеу бөлімшелері (экономикалық тергеп-тексеру қызметі) қызметкерлерін жоспардан тыс аттестациялаудан өткізу қағидалары, кезеңдері мен мерзімдері бекіту туралы» Қазақстан Республикасы  Қаржылық мониторинг  агенттігі  Төрағасының    ағымдағы жылғы 17 наурыздағы № 75-нқ  бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) шеңберінде жоспардан тыс аттестаттауды өткізетіні туралы хабарлайды.

Мақсаты – қызметкерлерді жоғары тұрған басшылық лауазымдарға ұсыну бойынша таяу тоқсанға кадрлық жоспарлау.

Жамбыл облысы бойынша  ЭТТД басшсының номенклатурасына жататын лауазымдарды атқаратын және ниет білдірген қызметкерлер жоспардан  тыс аттестаттаудан өтуге хабарландыру жарияланған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей Әкімшілік  басқармасына үлгіге сәйкес баянат береді.

Жоспардан тыс аттестаттауға жіберілмейтін қызметкерлер:

1) басшылық лауазымға қойылатын ең төменгі біліктілік талаптарына сай келмейтіндер (ҚМА  2021 жылғы 01 наурыздағы  №5-жқ бұйрығы);

2) қолданыстағы тәртіптік жазалары немесе әкімшілік қызметтік құқық бұзушылықтары үшін жазалары барлар;

3) қызметтік немесе сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқан тұлғалар.

Сұрақтар туындаған жағдайда Жамбыл облысы ЭТТД Әкімшілік  басқармасына   хабарласуға болады.

каб. № 22, 35  анықтама телефондары 8 (7182) 347534, электрондық мекенжайлар d.boshaeva@afm.gov.kz; m.zhetigenova@afm.gov.kz                               

 Ескертпе: жоспардан тыс аттестаттау нәтижелері жоспарлы аттестаттауды өткізу мерзімдеріне әсер етпейді.