Департамент өкілдері Өскемен қаласында тұрғын үй құрылысы өзекті мәселелері бойынша өткен жұмыс кеңесіне қатысты

Департамент өкілдері Өскемен қаласында тұрғын үй құрылысы өзекті мәселелері бойынша өткен жұмыс кеңесіне қатысты

 

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, прокуратура органдарының, құрылыс ұйымдарының, сондай-ақ өзге де мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысты. Кеңес барысында тұрғын үй құрылысының қарқыны, инженерлік инфрақұрылым тарту және жер учаскелерін тиімді пайдалану мәселелері қаралды.

Ерекше назар үлескерлердің құқықтарын қорғауға, азаматтардың тартылған қаражатын мақсатты әрі заңды пайдалануды қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрылыс жобаларын іске асыру кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтауға аударылды.

Департамент өкілдері тұрғын үй құрылысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қаржылық процестердің ашықтығын арттыру, сондай-ақ құрылыс жұмыстарының белгіленген мерзімдері мен сапа стандарттарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар құрылыс жұмыстарының қаланың санитарлық жағдайына ықтимал теріс әсері және оны азайту шаралары талқыланды.

Үлестік құрылыс саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу жұмыстары Департаменттің тұрақты бақылауында.