Өскемен қаласындағы №49 мектепте «Заң мен тәртіп» айлығы мен «Адал азамат» бірыңғай тәрбие беру бағдарламасы аясында Департамент қызметкерінің қатысуымен ата -аналарға арналған қаржылық қауіпсіздік тақырыбында дәріс өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға қаржылық қауіпсіздіктің негізгі қағидалары түсіндіріліп, қаржылық алаяқтықтың кең таралған түрлері мен қаржы пирамидаларының белгілері туралы ақпарат берілді.