ШҚО бойынша ЭТД сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

ШҚО бойынша ЭТД сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері талқыланды

Департаментте жеке құрамының арасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша кеңес өткізілді.

Жиынға Департамент басшылығы, басқарма басшыларымен ҚР ҚМА ІҚБ өкілі М.Ж.Рахимбаев қатысты. Ол өз сөзінде сыбайлас жемқорлық заңнамасының талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 Жиналыстың қорытындысы бойынша Департамент басшылығы қызметтік тәртіпті күшейту, қылмыстық процесске қатысушылармен қызметтен тыс қарым қатынас жасауға тиым салу,  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру туралы» Заңының, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің Әдеп кодексі талаптарын қатаң сақтау туралы тапсырма берді.

ШҚО бойынша ЭТД сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды сақтау және қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыра береді.