
Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Әділетті Қазақстан - адал азамат» тақырыбында жастардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәденитетті қалыптастыруға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, құқыққорғау қызметкерлері, ғалымдар мен студенттер қатысты.
Кездесудің мақсаты жастардың құқықтық-қаржылық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын нығайтуға және жастардың әділетті қоғам құрудағы ролін күшейтуге бағытталды.