
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 2025 жылғы 10–20 қазан аралығында Республика күніне орай республикалық Қаржылық қауіпсіздік диктантын (FinIQ) өткізді.
Диктанттың мақсаты – Қазақстан азаматтарының қаржылық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
2025 жылғы 23 қазанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті диктанттың қорытындысын шығару мақсатында жеңімпаздарды шақыра отырып, салтанатты іс - шара ұйымдастырды.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының 153 мыңнан астам тұрғыны қатысып, қатысушы сертификаттары мен жеңімпаз дипломдарын иеленді. Бұл диктанттың алдын алу шарасы ретінде жоғары қызығушылыққа ие болғанын көрсетеді.
Қазақстанның әрбір өңірінен алғашқы он жеңімпаз дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша диктант жеңімпаздары №49 мектеп оқушысы – Нурасыл Дауренұлы Қарыбай, №2 – Артем Максимович Максимов, №19 – София Евгеньевна Ильина, №11 – Иван Антонович Втюрин, №17 – Анастасия Константиновна Цыбульская, С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті – Мерей Әшімжанқызы Әшімжан, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ студенті – Нұрсат Сансызбайұлы Кенжеәлі, еңбек ардагері – Татьяна Михайловна Кумыкова, нотариус – Серик Рахимбаевич Шигиров, «Банк ЦентрКредит» АҚ филиалының қызметкері – Асем Амангельдиновна Бердіғожина болып танылды. Олар іс-шараның демеушісі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ тарапынан естелік сыйлықтармен марапатталды.