ҰЛЫТАУ: Ұлттық олимпиада қатысушыларына марапаттар табысталды

ҰЛЫТАУ: Ұлттық олимпиада қатысушыларына марапаттар табысталды

   Департамент қабырғасында қаржылық қауіпсіздік бойынша өткен Ұлттық олимпиада қатысушыларына марапаттар табыстау рәсімі өтті. Департамент басшысының орынбасары М. Қалиақпаров жоғары дайындық деңгейі мен білімге ұмтылыстарын танытқан қатысушылар — Краус Артем Алексеевич пен Жағыпар Ақбота Маратқызын ақшалай сертификаттармен марапаттады.

   Жауапкершілігі жоғары, тәртіпті және мақсатқа ұмтылған жастарды тәрбиелегені үшін ата-аналарға алғыс хаттар табысталды.

   Қатысушылар олимпиаданы ұйымдастырушыларға өз білімдерін көрсетуге мүмкіндік бергені үшін шын жүректен алғыс білдіріп, ұстаздары мен ата-аналарына қолдауы мен шабыттандырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді.