
Түркістанда Департаменттің ұйымдастыруымен Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған ауқымды форум өтті.
Іс-шара 500 мыңнан астам адамды қамтыды. Олардың қатарында мәдениет, спорт, ғылым, руханият, бизнес өкілдері, қоғамдық ұйым мүшелері, сондай-ақ мектеп оқушылары мен студенттер болды.
Форум аясында бір уақытта 5 алаңда іс-шаралар өткізілді: қаланың әкімшілік-іскерлік орталығы, О.Жарылқапов атындағы орталық стадион, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті (IUTH) және көпсалалы Конгресс-холл кешені.
Панельдік сессиялар, қызу пікірталастар, интеллектуалдық викториналар мен мектеп оқушылары мен студенттерге арналған қызықты сайыстар ұйымдастырылды.
Ерекше назарды «үлкен үзіліс» кезінде оқушылар ұйымдастырған флешмоб аудартты. Оның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында құқықтық тәртіп пен заңға деген құрмет мәдениетін қалыптастыру.
Сонымен қатар кәсіби психологтар тұлғалық дамуды жетілдіру және құмар ойындарға тәуелділікке қарсы иммунитет қалыптастыру тақырыптарында тренингтер мен дәрістер өткізді. Театр ұжымдары алғаш рет лудоманияға қарсы күрес тақырыбында спектакль қойды.
Өткізілген форум білім алмасуға мүмкіндік беріп, командалық өзара іс-қимылды күшейтті және жастардың экономикалық және қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне қатысу белсенділігін арттырды.