
«9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне» орай тағзым алаңында сұрапыл соғыс жылдарында Отан үшін жанын қиған боздақтарды еске алуға арналған салтанатты шара өтті. Іс-шараға Департамент басшысы мен қызметкерлері қатысып, майдангерлер рухына құрмет көрсетті.
Шара барысында қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым алаңындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды. Бұл – ел тыныштығы мен бейбіт өмір үшін жан аямай күрескен ардагерлерге деген шексіз ризашылық пен құрметтің белгісі.
Ұлы Жеңістің ызғары мен ауыртпалығын бастан өткерген аға буынның ерлігі ешқашан ұмытылмайды.