СҚО "Көрісу күні" мерекесін атап өтті. Көктемгі күн мен түннің теңелу күні қарсаңында СҚО бойынша ТДМ қызметкерлері "Көрісу күнін"атап өтті. "Көрісудің" ажырамас бөлігі құрмет, бірлік пен амандықтың символы ретінде сәлемдесу және жылы құшақтау болып табылады. Қызметкерлер бір-бірін Ұлттық киім киіп, жылы лебіздерімен қарсы алды. Мереке рухын сақтау, мәдени дәстүрлерді сақтаудың маңыздылығы ұжымдық рухты нығайтуға ықпал етеді, Қызметкерлердің жас буынына ұлттық құндылықтарды сіңіреді және шабыттандыратын атмосфера жасайды.