ЖОО түлектерін Экономикалық тергеу қызметі туралы ақпараттандыру мақсатында СҚО бойынша ТДМ 2025 жылғы 7 ақпанда "Ашық есік күнін"өткізді. Іс-шара барысында түлектер Экономикалық тергеу қызметі қызметінің негізгі бағыттарымен және СЭР қатарына кіру үшін барлық кезеңдерден өтуімен танысты. Іс-шара соңында түлектер Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне барып, криминалистикалық және аналитикалық зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын ғылыми-техникалық құралдармен, жалпы Департаментті жабдықтаумен танысты. Ашық есік күніне қатысушыларға естелік сыйлықтар табыс етілді.