СҚО: Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні.

СҚО: Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні.

20 қарашада бірыңғай қабылдау күні аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысы Б.Р.Абулхаиров өңірдің тұрғындары мен бизнес өкілдерін жеке қабылдады.

Қабылдау барысында азаматтар шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу, қаржы мониторингі органдарымен өзара іс-қимыл тәртібін түсіндіру мүмкіндігі туралы өтініштерін білдірді.

Сондай-ақ, азаматтар қаржылық тәсілден, онлайн алаяқтықтан, заңсыз инвестжобалардан қорғану туралы өтініш айтты.

Әрбір өтініш толық қаралды, сол жерде түсініктемелер берілді.

«Ашықтық пен қолжетімділік – біздің жұмысымыздың басты қағидаттары.Біз үшін экономикалық саладағы ашықтық пен әділдікті қамтамасыз ете отырып, азаматтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау басымдыққа ие. Біз әрбір өтініш бойынша пікір білдіреміз және қажетті қолдаудың бәрін ұсынуға дайынбыз», - деп атап өтті департамент басшысы.