
17 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Ұлттық валюта күніне арналған квест-викторинада қатысты.
Іс-шараға екінші деңгейдегі банк қызметкерлері мен «Қаржы» факультетінің студенттері қатысып, жақсы нәтижелер мен эрудиция көрсетіп, жоғары қызығушылық танытты.
Викторина бағдарламасына ұлттық валютаның тарихы мен банк секторының дамуы туралы мәселелер ғана емес, сонымен қатар қаржылық қауіпсіздік мәселелері де енгізілген.
Қатысушылар қазіргі қаржылық алаяқтық түрлері, жеке деректерді қорғаудың негізгі қағидалары, банктік қызметтерді қауіпсіз пайдалану қағидалары және киберқауіптің алдын алу тәсілдері туралы сұрақтарға жауап берді.
Зияткерлік сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.