М.Айтхожин атындағы №1 орта мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылық сабағы

М.Айтхожин атындағы №1 орта мектеп оқушыларына қаржылық сауаттылық сабағы

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде СҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері М.Айтхожин атындағы №1 орта мектептің 5,8 сынып оқушыларымен қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер жүргізді.

Департамент өкілдері оқушыларға қаржылық алаяқтықтан қалай қорғану керек, онлайн сатып алу кезінде өздерін қалай сақтандыру керек және дау тудырғыш сұлбалардың қаупінен сақтану керектігі туралы айтып берді.

Әңгімелесу ашық және жанды түрде өтті: жасөспірімдер белсенді сұрақтар қойып, жеке бақылауларымен бөлісіп және қаржылық қауіпсіздік бойынша тәжірибелік кеңестер алды.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті аймақ оқушылары мен студенттері арасындағы қаржылық сауаттылық бойынша алдын алу жұмыстарын жалғастырады.