
"Заң және тәртіп" нарративті жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментімен 10-20 қазан аралығында республикалық диктантқа дайындалу және жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша көлемді жұмыстар жүргізілуде.
9 қазанда М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенттерімен қаржы қауіпсіздігін түсіндіру және алдағы «Fin IQ» республикалық диктантын өткізу бойынша кездесу өтті.
Кездесу барысында ҰББ жетекшісі В.О. Алпеева студенттерге «Fin IQ» диктантының мақсаттары мен міндеттері туралы толық айтып берді, алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының негізгі схемаларын талқылады, сондай-ақ сандық технологиялар мен қаржы әлемінде болып жатқан үдерістерді түсінуде көмектесетін бағалы кеңестер берді.
Іс-шараға 500 астам студент қатысып, олар қойылған тақырып бойынша жоғары қызығушылық танытып, талқылауларға белсенді түрде қатысты.
Кездесу ашық диалог және өзара қызығушылық жағдайында өтті.