СҚО-да Ұзақ мерзімді белсенді орталық қатысушылары мен ардагерлер Кеңесі ҚБ зейнеткерлерімен семинар өткізілді

СҚО-да Ұзақ мерзімді белсенді орталық қатысушылары мен ардагерлер Кеңесі ҚБ зейнеткерлерімен семинар өткізілді

Мемлекет басшысының қаржы қауіпсіздігі саласындағы «Заң және тәртіп» тапсырмасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті халықты алаяқтық схемалар туралы ақпараттандыру бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

19 қыркүйекте Департаментпен егде жастағы азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін арттыру бойынша семинар өткізілді, Онда қоғамымыздағы ең өзекті және маңызды тақырыптардың бірі — қаржы пирамидалары мен алаяқтық схемаларға қатысуды болдырмау мәселесі талқыланды.

Шара барысында семинар қатысушыларына қаржы пирамидасының тұзағына түсіп қалмауға болатыны туралы кеңес беріліп, алаяқтықтың басты сызбалары және банк карталары мен оның мобильді қосымшаларын пайдаланудың қауіпсіз тәсілдері түсіндірілді.

Семинар соңында Департамент қызметкерлері қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, құнды кеңестер берді және сандық технологиялар мен қаржы әлемінде болып жатқан үдерістерді түсінуге көмектеседі.

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар арасында қаржылық қауіпсіздікті түсіндіру бойынша жұмыс жалғасын табады.