6 қыркүйекте СҚО бойынша ҚСжАЕАБ-нің аға прокуроры кіші әділет кеңесшісі А.В.Цоймен құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарымен өзара әрекет ету шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тексеру департаментінің қызметкерлеріне СДТБТ АЖ-да талдамалы жұмыстың негізгі дағдылары бойынша семинар-оқыту өткізілді.
Кездесу барысында Департамент қызметкерлеріне СДТБТ АЖ-де негізгі жұмыстар, сонымен қатар УДР бағытында бұзушылықтарға ықпал ететін негізгі себептер мен жағдайлар түсіндірілді.
Департамент қызметкерлеріне ҚР БП 19.09.2014 жылғы № 89 бұйрығымен бекітілген «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарларды тіркеуді қабылдау, сондай-ақ СДТБТ жүргізу қағидалары» талаптарының сақталуын, сондай-ақ СДТБТ жүйесінің ақпараттық есеп құжаттарына деректердің уақтылы әрі толық енгізілуін қамтамасыз етуге нұсқау берілді.