5 қыркүйек күні Қазақстанда бірегей мейрам - Қазақстан халқының Тілдер күні аталып өтіледі, ол біздің көпұлтты мемлекетіміздің бірлігі мен әртүрлілігінің символына айналды.
Дәл осы күні қазақ лингвистикасы мен әдебиеттану ғылымының негізін қалаушылардың бірі болған Ахмет Байтұрсынов дүниеге келді.
3 қыркүйек күні Тілдер күнін мерекелеу қарсаңында Департамент қызметкерлері «Тіл – халық бірлігі» тақырыбында викторина өткізді.
Департаменттің жеке құрамы аталмыш мерекенің тарихын, Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянын біліп, қазақ және орыс мақал-мәтелдерін тапты.
Қазақстан халқы тілдерінің күні ел азаматтары үшін өте маңызды, себебі ол Қазақстан Республикасы аумағында өмір сүретін әр этностың мәдени саналуандығын көруге мүмкіндік береді.
Тіл – ұрпақтан-ұрпаққа халықтың рухани мұрасы берілетін көпір.