СҚО: "Қаржылық қауіпсіздік" тақырыбында флешмоб өткізілді

СҚО: "Қаржылық қауіпсіздік" тақырыбында флешмоб өткізілді

"Заң және тәртіп" тұжырымдамасын іске асыру аясында СҚО бойынша ТДМ қызметкерлері Петропавл қаласының орталық көшесінде флешмоб өткізді.  Азаматтардың назары алаяқтардың қулықтарынан қырағылықты арттыруға бағытталды. Жас қала тұрғындары алаяқтыққа төзбеушілік және оңай табыс табу туралы дәйексөздерді қолдануда белсенділік танытып, акцияға қызығушылықпен қатысты.  Халықты бейресми жағдайда қамту көптеген қала тұрғындарының назарын қаржылық тәуекелдер мен қауіптер проблемасына аударуға мүмкіндік береді, бұл оңай табыс ұсыныстарына теріс көзқарастың тұрақты қалыптасуына ықпал етеді.   Ересек ұрпақ өткізілетін іс-шаралардың маңыздылығын және осы мәселеге назар аудару қажеттілігін атап өтті.