Ағымдағы жылдың 24 сәуірінде "Қарызсыз қоғам" ауқымды білім беру жобасы аясында Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржылық қауіпсіздік бойынша ағартушылық дәріс ұйымдастырды. Іс-шара «Компания НефтихимLTD»ЖШСалаңындаөтіп, 100-ге жуыққызметкердіжинады.
Дәрістердің негізгі мақсаты-алаяқтықтан, заңсыз қаржылық схемалардан және көлеңкелі экономикамен байланысты тәуекелдерден қорғау әдістері туралы азаматтардың хабардарлығын арттыру. Аға жедел уәкіл А.Б. Қожамқұлова экономикалық қылмыстардың алдын алу тетіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді, жеке қаржыны басқару бойынша практикалық кеңестер берді және қауіпті қаржылық схемаларды қалай тануға болатынын айтты. Мұндай іс-шаралар халық арасында қаржылық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ азаматтардың экономикалық қауіпсіздігін қорғау саласындағы мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтады.