
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Toraigyrov University» алаңында өткен «Тәртіпті өзіңнен баста» форумының ұйымдастырушысы болды.
Форумды ашқан Департамент басшысының орынбасары Қасымов Ғалиасқар Нұрбапаұлы студенттерге сақтық таныту қажеттігін айтып, лудомания мен қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Ол өз сөзінде аталған құбылыстардың жұмыс істеу механизмдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп, мұндай схемаларға тартылудың алдын алу бойынша пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Форумда Қаржы мониторингі органдарының ардагері Хасенов Ербол Булатұлының баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды. Оның кәсіби тәжірибесі мен нақты мысалдары студенттердің үлкен ықыласына ие болды.
Қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, нақты жағдайларды талқылап, жан-жақты жауаптар алды. Бұл пікірталас ашық әрі нәтижелі атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.
Форум студенттерге мол пайдалы ақпарат беріп қана қоймай, олардың қаржылық қауіпсіздік мәселелеріне деген қызығушылығын арттыра түсті.
ЭТТД алдын алу жұмыстарын жалғастырып, жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында осындай іс-шараларды өткізуді жалғастыруды жоспарлап отыр.
Павлодар облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті «Тәртіпті өзіңнен баста» эстафетасын Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолдайды.