
«Тура жол» жобасын іске асыру, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде Инновациялық Еуразия университетінің бірінші курс студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараның спикерлері Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, Прокуратура органдарының, полиция департаментінің өкілдері, сондай-ақ психолог болды.
Кездесу барысында студенттерге құқық бұзушылықтың алдын алудың, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттырудың өзекті мәселелері түсіндірілді, сондай-ақ қазіргі заманғы тәуекелдер мен олардың ықтимал салдары туралы айтылды.
Іс-шараға 150-ден астам студент қатысты.