
Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің өкілі «Ардагерлер үйінде» қарт адамдармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға қаржы пирамидаларының белгілері және оларды тану тәсілдері, алаяқтық схемаларда жасанды интеллектті қолданумен байланысты тәуекелдер, сондай-ақ лудоманияның теріс салдары туралы айтылды.
Қаржылық қауіпсіздік шараларына және тез ақша табу, инвестициялау және ақша аудару туралы күмәнді ұсыныстар алу кезінде қырағылық таныту қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар және қаржылық тәуекелдерден қорғау бойынша практикалық ұсынымдар алды.