Сандық сауаттылықты арттыру: киберқауіпсіздік конференциясы.

Сандық сауаттылықты арттыру: киберқауіпсіздік конференциясы.

«Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ құқықтық және ақпараттық мәдениет деңгейін арттыру мақсатында  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ базасында «Киберқауіпсіздік» тақырыбында конференция өтті.

Іс-шара барысында цифрлық қауіпсіздіктің негізгі мәселелері қаралды, оның ішінде:

– киберқылмыстың алдын алу;

-интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл;

- дербес деректерді қорғау;

- ақпараттық кеңістікте жауапты мінез-құлықты қалыптастыру.

Тыңдаушылар ретінде мемлекеттік қызметшілер, жоғары оқу орындарының студенттері және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандар қатысты.

Спикерлер ретінде Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің, киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшенің, цифрлық технологиялар басқармасының өкілдері, сондай-ақ «Digital Qalqan» ЖШС, «iBatyr», Kaspersky, «BESupply» және TSARKA компанияларының ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығының қызметкерлері сөз сөйледі.

Қатысушылар цифрлық ортадағы заманауи қауіптер, интернет-алаяқтықтан қорғау тәсілдері және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы өзекті ақпарат алды. Сондай-ақ, жаңа Конституцияның цифрландыруға және цифрлық мемлекеттің дамуына қатысты ережелері түсіндірілді.